Қырда сен боп көрінеді көмескі із –
Айсұлу Рүстемова
Бұл бетте «Қырда сен боп көрінеді көмескі із» атты Айсұлу Рүстемова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Бейіті Қарақұмда қалған бауырым Гүлсімге
...Күліп келіп
гүлді еске салдың да,
Мәнін таппай
Мәңгі кетіп қалдың ба?
Сенің сәби
саусағыңның дірілі-
Бейітіңді айнала
өскен шалғында...
Сезілсе де
сәуле - тәтті, жел- ессіз.
Менменсіген
Мына Сіз де елессіз.
Ай мен Күнге,
Аспан, Жерге айналдың,
Қырда сен боп
Көрінеді көмескі із...
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі