Өлең, жыр, ақындар

Жасандыны бүркемелеп жарнама

  • admin
  • 07.09.2024
  • 0
  • 0
  • 231
Жасандыны бүркемелеп жарнама,
Жалған тұғыр соғып жатыр қарғаға.
Сайтандардың сыбыры көп тірлікте
Айқайлауды ар көретін Ар ғана.
Төрге де озбай тосылғанда кішілік,
Кісімсиді кеуек кеуде ісініп.
Қай жерде жүр ертегінің Жаманы,
Сынағанға – сырты ұсқынсыз, іші құт?
Ертегі - өмір «Ертеде бір...», - деп тағы
бастады да кібіртіктеп тоқтады.
Ертегі емес, ертеңіне алаңның
Өзегінде өмір емес, өт дәмі.
Қай ырым-ды?
Қайырымды кәделі,
Әсіресіз әрлі еді оның әлемі.
Кереғарға күліп аштық есікті,
Келе нарға жүк болар-ау әлегі.
Не үшін айтам, несін айтам, әй, бірақ,
Жалғандыққа дәл осысы жайлырақ.
Соғыстырған қилы адамды қай түлен?
Тоғыстырған қандай мүдде, қай мұрат?
Бәрі-бәрі араласты мидай боп,
Шындық аз да, шатпақ пенен шимай көп.
Қурай кепкен сына қоймас сірә да,
Сыймай кетсем сүйем Жерге тулай кеп.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жолдар, жолдар

  • 0
  • 0

Жолдар, жолдар, қай жаққа алып барасың?
Жақындатып батыс-шығыс арасын.
Сағым болып жүгіреді жеткізбей,
Сағыныш Намазшамова

Толық

Ағады Ақсу баяу ғана

  • 0
  • 0

Ағады Ақсу баяу ғана,
Шалқымайды, тасымайды.
Жағасында жан тыншиды,
Сағыныш Намазшамова

Толық

Маскарад

  • 0
  • 0

Маскарад
Мектеп кеші. Жаңа жылдық маскарад,
Костюм киіп келген едік не түрлі.
Сағыныш Намазшамова

Толық

Қарап көріңіз