Өлең, жыр, ақындар

Көзге елестеп жұмбақ өмір алдағы

  • 07.11.2021
  • 0
  • 0
  • 672
Көзге елестеп жұмбақ өмір алдағы,
Әнім менің кешке ұласты таңдағы.
Кейде ауыр күрсінемін, иығыма –
Түскендей боп аспан мен жер салмағы.
Сыртқа шыққан сыр жоғалтар бар мәнін,
(Өз мұңымды айтып келмес зарлағым)
Ұшсам деймін күнге қарап көтеріп,
Жердегі бар адамзаттың арманын.
Өмір кешем, іштей толқып, күйінем,
Есімде жоқ кімді кеше сүйіп ем.
Уақыт желі санаспайтын сияқты
Дірілдеген жалғыз жапырақ күйімен.
Шын сұлулық көздерімді арбасын,
Болады бір адамдағы арға сын.
Дүниенің қасіретін ауырлап,
Шар болаттай шарт сынар ма, шар басым.
Табынбаймын жылуы жоқ сөзге асыл,
Өзіме жүк боп барады өз басым.
Аспанымның басып тұрар қабағын,
Көкірегімнен төгілмеген көз жасым...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Екі көз, екі дүние...

  • 0
  • 0

Жер аласа, аспан төсі тым биік,
Биіктегі жұлдыз-гүлдер әдемі.
Бірі жарық, бірі түпсіз тұңғиық,
Екі көзім – екі дүние әдемі...

Толық

Жүрегім жүрек емес, жара менің

  • 0
  • 0

Жүрегім жүрек емес, жара менің,
Уланды, сол жарадан жан әлемім.
Білмеймін, не боп барам, осы кеше
Адамдық көзбен күнге қарап едім.

Толық

Кездесу

  • 0
  • 0

Бір басымнан ойлар кештім, сөз кештім,
Сөз боранын соғып тұрған сезбес, кім.
Келіп кетер мен өмірде қас-қағым,
Жақсымен де, жаманмен де кездестім.

Толық

Басқа да жазбалар