Өлең, жыр, ақындар

Жұлдыз

  • 24.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1034
Алматының қақ төрінде
Мейрамхана орналасқан.
«Жұлдыз» деген ат берілген,
Ғимарат жоқ одан асқан.
Қайың, шырша айналасы,
Көрген адам ұмытпайды.
Қазағымның қай баласы
Оған неге қызықпайды?
Сондықтан да, атақ алған
Қандай адам болсын мейлі,
Үлкендерден бата алған
Мейрамханам болсын дейді.
Жұлдыздары жанған жандар
Атағымды көрсін дейді.
Талантыма таңданғандар
Ақ батасын берсін дейді.
Келген жандар расында
Той иесін көкке ұшырып,
Теңеп нағыз шын асылға,
Мадақтайды бек құлшынып.
Барған адам тойып ішіп,
Тойлар өтіп жатар еді.
Биін билеп, ойын құшып,
Мол қызыққа батар еді.
Мұның бәрін көз көрді ғой,
Шампан атып, асып-тасқан.
Заман енді өзгерді ғой,
Қайда бүгін ашық аспан?
Болған бір кез мазахана
Жұлдыздары жанғандардың.
«Жұлдыз» – енді азахана
Жұлдызы өшіп қалғандардың.
Патша болсын, басқа болсын,
Өлгеннен соң бәрі бір ғой.
Жүрек мейлі жасқа толсын,
«Айтатұғын әні бір ғой»:
Естімеген тірісінде
Абыройын биіктетіп,
Шет қалдырмай бір ісін де,
Мақтайды оны үйіп-төгіп.
Шығарған күн жаназасын
Еске алу жарасады.
Ішкеннен соң қаза асын,
Жиылған жұрт тарасады.
Айтылған бар оған дейін
Мақтау сөздер суып қалар.
Өлген адам содан кейін
Бірте-бірте ұмыт қалар.
Ағып түссе жұлдыз көктен,
Өлді деген осы болар.
Адам болса мінсіз өткен,
Жұмақ оны тосып алар.
Адам болса Алла сүйген,
Түн пердесі түріледі.
Талант оны алға сүйреп,
Қайта түлеп тіріледі.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Әуесқой

  • 0
  • 0

«Қымбатты дос, қайдан келдің, не көрдің?»
«Кунсткамера көрмесінде боп едім.
Бәрін көрдім, бәрін білдім, сұрама,
Баяндауға тіл жетпейді сірә да,

Толық

Тәңір сыйы

  • 0
  • 0

Жан сырымды өзіңе
Жайып салып есілем.
Қарақаттай көзіңе
Көрген сайын тесілем.

Толық

Су мен қу

  • 0
  • 1

Су бірде лепірді,
Көпірді:
– Бар ма екен шын мықты
Мына мен секілді?

Толық

Қарап көріңіз