Өлең, жыр, ақындар

Жемқор жайлы хикая

  • 24.08.2019
  • 0
  • 1
  • 5737
Жемқор қазақтың өзінен шыққан,
«Же» және «қор» деген сөзінен шыққан.
«Же» не деген сөз?
«Аса», «же» деген сөз.
Содан адам жей берген,
Жеген сайын жесем дей берген.
Не болса соны кеміре берген,
Кемірген сайын семіре берген.
«Ауру астан» деген сөзді ұмытқан,
Жеген сайын құныққан.
Артық салмақ, бірақ,
Болып шыққан тұзақ.
Жүре алмай ұзақ,
Мұрттай ұшқан құлап.
Ақылынан ауып қалған,
Жеделжәрдем шауып барған.
Ауруханаға алып барған.
Ауру есін жиғанда,
Жатыр екен диванда.
Маскасы бар басында
Бір адам тұр қасында.
– Сен кімсің?
Мұнда не істеп тұрсың?
Болсаң егер дәрігер,
Тезірек дәрі бер.
Айығып кетейін,
Үйіме жетейін, –
Деді ауру алқынып,
Тұрмақ болып талпынып.
– Ақымақ! – деді әлгі адам,
–Ақша таппасаң жалма-жан,
Текке терлемеймін,
Тегін емдемеймін...
Ауру өліп барады,
Жанары сөніп барады.
Деді ауру:
– Дәрігер, Тезірек дәрі бер.
Неге текке өлейін,
Айтқаныңа көнейін,
Не сұрасаң да берейін.
Дәрігер деді:
– Дәрігер емес, емқормын,
Қатардағы жемқормын
Басында емқор болдым,
Кейін «Ж» қосылып, жемқор болдым.
Ауру мән-жайды түсінді,
Сұраған ақшасын ұсынды.
Емқор емдеп шықты,
Дәрісі «жем» боп шықты.
«Асты қорлама, құстырады,
Ерді қорлама, тыштырады», –
Деген мақал осындай екен,
Жемқорлар шошынбайды екен.
«Ауру қалса да, әдет қалмайды» екен,
Жемқорлығын қайта жалғайды екен.
Айналасын жалмайды екен.
Талмайды екен,
Қанбайды екен.
Құдайым жемқорларды
Тезірек алмайды екен.
* * *
Ал, «қор» сөзіне келсек,
Кезекті өзіне берсек:
Қор – мемлекеттің қаржысы,
Қор жинайды әр кісі.
Екіңші мағынысы – қорлы,
Кім жасаса зорлық,
Өзіне сор болады,
Түбі қор болады.
Өйткені, қатыгез адамдар,
Ұры-қары, арамдар:
(Бәлеқор, жалақор,
Парықсыз парақор
Деп атайды ондайды).
Өзгелерді қорлайды
Әлі жеткенді зорлайды,
Оларда адамгершілік болмайды,
Бәрібір оңбайды,
Түбінде сорлайды.
«Ұрлық, зорлық –
Түбі қорлық»
Деген мақал баяғы
Жемқорлыққа саяды,
Жақсылыққа апармайды аяғы.
Жемқордың жеткен жері сот болады,
Әділ заңмен сотталады,
Бірақ, жемқорлық қашан тоқталады?



Пікірлер (1)

Ақмарал

Өте керемет айтылған. Нақты факт, ащы шындық осы. Бірақ бұл ешқашан тоқтамайтын секілді...

Пікір қалдырыңыз

Ақынның кейбір кездері

  • 0
  • 0

Гүлдің де кезеңі бар ашылатын,
Көзіңе оттай ыстық басылатын.
Сол шақта қолтықтасып қыз бен жігіт,
Жетуге қыр басына асығатын.

Толық

Ер қоян

  • 0
  • 0

Бірде қоян білекті түріп алды,
Сөйтті де тракторға мініп алды.
Төрт түлкіні байлап төрт дөңгелекке,
Масаттана қарқылдап күліп алды.

Толық

Ауылдағы ағалар

  • 0
  • 0

Ауылдағы ағалар, армысыңдар?
Дарқан көңіл қалыпта бармысыңдар?
Өздеріңді ойласам сағынышпен,
Көз алдыма келеді қарлы шыңдар.

Толық

Қарап көріңіз