Жұбату – Сағыныш Намазшамова

Бұл бетте «Жұбату» атты Сағыныш Намазшамова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Қаралы отау...
Қаралы тірлік қашаннан
Өмір - өзенде өлім - көпірден аса алған?!
Жалпақ дүние жоқтықтан қалай бас алған?
Жоқ пенен жоқтың арасында тек жасалған.
Жоқтаңдар, иә, жоғалтқан ұлды жоқтаңдар!
(Тартыс бар жерде түйінді сөз бар, тоқтам бар).
«Жаратқан ием жасады, - дейді - жоқтан бар» -
Қорымдар менен ескі жұрттағы көп тамдар.
Мәңгілік тірлік...
қажеті қанша шексіздің,
Бір өлім бар деп түзу тірлікке бет бұрдым.
Ақырып келген ажал айыбын білді ме,
Тасқа қашап жүр тарихтағы ізін текті ұлдың.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері