Телпек – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Телпек» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 27.07.2019
  • 0
  • 0
  • 1745
Көктем келді,
Жаз келді.
Көлге үйрек,
Қаз келді.
Дала жасыл
Болып тұр.
Қызғалдаққа
Толып тұр.
Қыран шарлап
Қиясын,
Құстар салды
Ұясын.
Шопан ата
Еріп жүр.
Түйелері
Өріп жүр.
Ашылды күн
Себелеп.
Жар салып жүр
Көбелек:
– Кел, Телпегім,
Телпегім!
Таратайын
Мен тегін.
Міне, мынау
Ақ телпек.
Шопандарға
Шақ телпек.
Тырна, саған
Сұр телпек.
Түйеге де
Бір телпек.
Үйрек, саған
Көк телпек.
Қозы, саған
Ақ телпек.
Болса-дағы
Көп телпек,
Қу түлкіге
Жоқ телпек!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері