Қошалақ тауы

Бұл бетте «Қошалақ тауы» атты Жұмекен Нәжімеденов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 27.09.2021
  • 0
  • 0
  • 1195
Көкшіл төбе.
Тау деген құр атағы,
дала күні құсап күні батады.
Өзіне тән бірақ аң, құс, даусы бар,
кім біледі, бұ да содан тау шығар?!
Айналасы қобыраған жал-жал құм
Жел көтерген жалы сын-ды жалғанның.
Маңайымен салыстырсаң
әлгі көк
Жусан төбе — талай таудан мәндірек,
салмақтырақ,
атақтырақ.
Әңгі, ала
Қарғасының өзі қарар паңдана.
Жер отына хайуан біткен өшті аса:
Мортығын қой маңырап іздер, ешкі асап.
Қыран құсап қалықтайды торғайы,
Сарышұнағы қорсылдайды шошқаша.
Неткен тоқтық!
Тағдырына мәз бәрі,
дуадақтай — көбелегі жаздағы.
Бөксе артып ем — тарғыл тасы тоқтықтан
тулап-үркіп жығып кете жаздады...
Қошалақ-ай!
О, жаһанның мықтысы!
Қар, мұз түгіл, жарытпайды шық түсіп.
Мұнша аласа болмасаң сен,
келмес ед
көрген жанның басыңа бір шыққысы!
Бірақ, бірақ ойлап көрсең індете,
аласалық — адам кешпес мін бе екен?!
Әр бұтасы айдарлы, әрі кекілді —
жақсы ақынның қолтаңбасы секілді!
Күндемеңдер, ей, достарым, күндеме
төбесін тау жасайды деп бұл неге.
Аң, құсы бар, демек, ерек даусы бар
тау болса егер, кім біледі, тау шығар?
Төбе аз ба екен таудан биік заты,
ары, тау аз ба екен асыраған атағы —
бұ да соның бірі болып жатады.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қошалақ тауы өлеңінің авторы кім?

Жұмекен Нәжімеденов — осы өлеңнің авторы.

Қошалақ тауы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қошалақ тауы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Жұмекен Нәжімеденов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қошалақ тауы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері