Гиссар – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Гиссар» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 2086
Гиссар жасыл аралдай
Омырауы — абат бақ.
Қолдан соққан қамалдай
Ораған тау қабаттап.
Гиссар толы гүл-баққа
Алақандай арман жер.
Құмартқанмен бұл жаққа
Аса алмайды таудан жел.
Қыста да тұр гүл жарып,
Жаздың жасыл өзегі.
Мұрабтай жүр суарып,
Душанбенің өзені.
Гиссар — күннің от лебі,
Гиссар — таудың жас гүлі.
Тәжікстан көктемі,
Тәжікстан жастығы.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері