Біздер – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Біздер» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 1103
Жасқаншақ, жалтақты
жiгерге өртеткiз.
Өйткенi бiз деген
ертеңге ынтықпыз,
өткенге ертекпiз,
бүгiнге шындықпыз.
Шөл қысып қуарған
жаңғыртып даланы,
арқалап келемiз
тұтас бiр қаланы.
Дененi талдырып
шалдықсақ терлеп бiр,
сүртедi маңдайды
күс қолы еңбектiң.
Бiз үшiн
тыныштық – басты ұран.
Туған батырмыз
аңыз бен дастаннан.
Шығып жатамыз
жердiң астынан,
Түсiп жатамыз
Айдан, Аспаннан.
Тауып тұрамыз
жұмбақ түйiннен
болашақ таңдарын.
...Қағып тұрамыз
жұмыс киiмнен
жер менен космос шаңдарын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері