Өлең, жыр, ақындар

Жамбылға арнау

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

Құлагері болған соң қара өлеңде,
Жырың желдей жүйткейді бар әлемге.
Мұңдасқан жанды көрсе Жамбыл ақын,
Сырласқан таумен,таспен,даламен де.

Бар ойын ағытқанда қаламына,
Кіргендей ащы зардың алабына.
Жаныңды жаныштайтын жырды оқысаң,
Еріксіз жас келеді жанарыңа.

Ағысқа қарсы үмітті желкен қылып,
Жастарға сенді қылмай ертеңді үміт.
Махаббаттың майданын майда тілмен,
Жеткізгені не деген көркемділік.

Өміршең болғаннан соң өлеңдері,
Ескеріп қалар әркез ер еңбегі.
Қара өлеңнің қаймағын сүзіп ішкен,
Жамбыл таудың тауындай кемеңгері.

Талмайтын ед сынса да сан қанатың,
Жырлары жауқазындай жанға жақын.
Даңқы өшпейтін даңқты Жамбыл балам,
Заманнан озып туған заңғар ақын.


Пікірлер (1)

Нұрзат

Оте куштіі

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жамбылға арнау өлеңінің авторы кім?

ainarakabylmuratova — осы өлеңнің авторы.

Жамбылға арнау өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Жамбылға арнау өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде ainarakabylmuratova өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жамбылға арнау өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.