Қодар күліп тұр – Тайыр Жароков

Бұл бетте «Қодар күліп тұр» атты Тайыр Жароков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 10.07.2022
  • 0
  • 0
  • 831
Таң азаннан талпынып,
Еркелеп, ойнап дыңылдап.
Көк майсада бір адам
Пішен шауып зырылдап.
Құлаштап талмай сілтейді,
Сілтесе орақ шыңылдап,
Жалтылдап жылжып кетеді,
Шөп астында сырылдап;
Төңкерілген жапырлап,
Жығылып тепсең суылдап.
Мамығы мамық майысқан,
Шапқандайсың қызығып.
Өткір орақ сыпырады,
Ұстарадай жүзі іліп:
Орақшының еттері
Бөлек-бөлек үзіліп,
Шапқан жердің шалғысы
Сымдай болып сызылып.
Көгенделген қозыдай,
Көпені жатыр тізіліп.
— Бұл кім?
— Бұл ма? Қодар-құл,
Құрышты қуат қол күші.
Байдың қыстау, тепсеңін
Үлеске алып, онды ісі.
Күшікбайдың тепсеңі
Шауып жатқан «нормысы»
Мамығы майда оралған
Жердің бір шүйгін жондысы.
Таңдаулы жер алдымен
Кедейлерге тиіп тұр.
Шұрайлы жерді жалшы алып,
Амалы байдың құрып тұр.
Үкімет өзін жақтайды,
Батырақ бәрін біліп тұр.
Екі езуі құлақта
Миықтан Қодар күліп тұр.

1927


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері