Өлең, жыр, ақындар

Жұмсақ та шығар-ау

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 522
Жұмсақ та шығар-ау
тас бұдан! –
дегендей: ұшырам,
жоқ қылам –
iшiмнен,
иектiң астынан
тиедi есалаң соққылар!
Ғайыптан сау қалсам, тап бұдан
кетем де жалт берiп,
бұғып мен,
келесi келетiн соққыдан
қорғанам қолыммен,
иықпен.
Қорғанам,
деме сен: батты ма?
Төтеп те бере алам
жүректен тиетiн соққыға.
Бүгiнде соқпайды бiлекпен.
(Бiлектiң күнi өткен).
Соққылар тиедi жалаңаш жүректен.
Қорғайсың жүректi,
жүректi алады еңсерiп.
бойында сусылдап шапшып қан,
Тұруға болмайды
құр босқа теңселiп,
боксерлер ұратын қапшықтай.
Үмiттi,
арманды,
тiлектi
сындырып тастайтын күйiкпен,
өмiрдiң соққыларынан
қорғап қалу мүмкiн емес жүректi
бойыңмен,
қолыңмен,
иықпен!
Тастамай қашан да
қаламды,
қайланы,
күректi,
шаршап бiр шалдығып күндiкке
қорғауың мүмкiн тек жүректi
тiрлiкпен,
күреспен,
шындықпен.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Мерез

  • 0
  • 0

Мына жанның
Қара темірдей сірескен
Жұлынын-ай.
Күн нұры түскенде —

Толық

Жылдамдық

  • 0
  • 0

Жылдамдықтар,
жылдамдықтар,
жылдамдық...
Дене қызып, мың өртенiп, мың жандық,

Толық

Жаралы өмір

  • 0
  • 0

Мынау өмiр –
осы қазiр –
жаралы:
темiр торлар буып алған сананы.

Толық

Қарап көріңіз