Алжыған арыстанның тойы - Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Алжыған арыстанның тойы» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 25.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1372
Арыстанның жасы жетіп жетпіске,
Тимейтін болды ет тіске,
Өткен күндер енетін болды тек түске.
Алдындағы ағасы кетті,
Жайлау болып жағасы кетті,
Жастар арасында бағасы кетті.
Содан ол бір ойға тірелді,
Ойы тойға тірелді.
Бұрынғы өзіне бағынышты,
Жалпаңбай жағынышты
Кіл кәрі-құртаң шалдарды –
Алжыған аңдарды
Мерейтойына шақырып,
Той жасады «қатырып».
Ішімдік те мол болды,
Ең кереметі сол болды.
Қызып алған кәрілер –
Шеттерінен бәрі де ер.
Кезек-кезегімен аттай желді,
Арыстанды мақтай берді:
– Сіз Арыстан емес, данышпан едіңіз,
Талай жаумен алысқан едіңіз.
Ешкімге бас имеген едіңіз,
Бізді ұзақ билеген едіңіз.
Қартайсаңыз да көпке сыйыңыз бар,
Әлі де ел басқарар күйіңіз бар.
Сондықтан, қайтадан ұйым болып,
Бірігейік тас түйін болып.
Жастар бізді жақын қондырмайды,
Не ел басқарып оңдырмайды.
Өзіміз қайтадан ел басқарамыз,
Ел басқарғанда жөн басқарамыз.
Ақ үйге тезірек барайық, – деп,
Кәне, сол үшін алайық! – деп,
Алжығандар аяқтарымен ішіп,
Ішкендері аяқтарына түсіп,
Орындарынан тұра алмай,
Тұрғанымен, жүре алмай,
Өздері үйіліп қалды,
Тілдері күрмеліп,
Бірде келмей, бір келіп,
Сөздері сұйылып қалды.
* * *
Көксегеніңмен өткенді,
Оралмасқа кетті енді.
Билікті жастар жалғастырады,
Заманды алмастырады.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Алжыған арыстанның тойы өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Алжыған арыстанның тойы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Алжыған арыстанның тойы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Алжыған арыстанның тойы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері