Тек сен ғана қымбатсың – Жамбыл Ахатов

Бұл бетте «Тек сен ғана қымбатсың» атты Жамбыл Ахатов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Тек сен ғана қымбатсың

Көзімнің шуағысың,
Жүректің бұлағысың.
Өмірде жұбанышым,
Сен менің ҚУАНЫШЫМ!

Өмірім тек өзіңе арналады,
Көңілім өзің жоқта дал болады.
Ренжітсем кешіргін,сағындым мен,
Өзіңсіз бұл өмірдің бар ма мəні?

Мейлі
Мейлі
Түндер ұйқы ұрлатсын.
Жүрегімде өзің ғана тұрмақсың.
Менен артық табылар ма кім білсін,
Бірақ маған тек сен ғана қымбатсың.

(с)Жамбыл Ахатов


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар