Шеге – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Шеге» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 25.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1447
Жол үстінде Шеге жатты,
Шаңды қауып, шөге жатты.
Жүк тиеген бір машина
Баса-көктеп келе жатты.
Дегендейін қорламақ па?
Кірді шеге доңғалаққа.
Жатып-жатып бейшараның
Бітіргені сол ғана-ақ па?
Барса Шеге құрылысқа,
Табар еді қыбын ұста.
Сәл ойлана қарап қалдым
Осы бір жәй құбылысқа:
Парасатты асыл жандар
Қасиетті қашырмаңдар.
Өз орынын таба алмаған
Шегедей бос шашылмаңдар.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері