Өлең, жыр, ақындар

Бас пен қол

  • 25.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1065
Бұрын істің бәрін Бас атқаратын,
Ақыл-ой сол арқылы жасақталатын.
Кейін ол міндет қолға көшті,
Қол емес – сорға көшті.
Кім не десе, соған көне бердік,
Соңынан ере бердік.
Осы орынға осы кісі лайық деп,
Кәне, соған ұсынайық деп,
Басшы айтса болды,
Көтере бердік қолды.
Оның істі білетін, білмейтініне,
Дұрыс жеретін, жүрмейтініне
Әсте қарамадық,
Артық бағаладық.
Құдайдай көріп,
Айтқанына көніп,
Айдауына жүре бердік.
Түшкіріп қалса да,
Ысқырық салса да,
Ыржалақтап күле бердік.
Жиындарда мінбеде
Сөйлей қалса бірдеме,
Дұрыс көріп сонымызды,
Соға бердік қолымызды,
Байқамаппыз сорымызды:
Басымызды шұлғи беріп,
Қалғып-мүлги беріп,
Ауызымыз құлыптаныпты;
Әміріміз өспей,
Шөгерілген көштей,
Бір орында тұрып қалыпты.
Бұл не десек, опыр-ау,
Екен нағыз тоқырау.
Қайтадан заман өзгерді,
Көзіміз ашылған кез келді,
Сөйлейтін еркін сөз берді.
* * *
Қол көп жұмыс жасайды десек те,
Алу керек есепке –
Бастың аты бас болады.
Ішіне үңілейік,
Ақылға жүгінейік,
Бас барлық істі басқарады.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Өмір туралы ой

  • 0
  • 0

Отын жағып үміттің,
Алаулап таң атады.
Бір орыннан шығып күн,
Бір орнына батады.

Толық

Жақсылық көрсем – көлдеймін

  • 0
  • 0

Жақсылық көрсем – көлдеймін,
Жамандық көрсем – шөлдеймін.
Жақсылық үшін жадырап,
Жанымды жырмен тербеймін.

Толық

Ақ моншақты аруым

  • 0
  • 0

Еркелігің еліктің лағыңдай,
Көркемдігің көлдің көк құрағындай.
Мойынында мөлдіреп моншақтарың,
Көрген күннен арттырды құмарымды-ай.

Толық

Қарап көріңіз