Түнгi трасса

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 862
Түнгi трасса.
Күзгi жел ұлиды қасқырдай.
Сақ болшы, кезекшi ГАИ мен
көрсеткiш бағандар,
жол бойын күзеткен...
Дiрiлдеп жылдамдық астында
шiренiп үзiлер iшектей
жатады
түнгi
трасса.
Қарт шофер
баранка шеңберiн сығымдап
қарайды
сақ болу керек деп,
қарайды
көзiне от толып,—
кетердей түнгi жол,
кенеттен,
жалт берiп,
жоқ болып.
Мен-дағы қараймын,
(толқытпа ойымды бөгде елес)
бiр қауiп көмейдi тiреп тұр.
Түнгi трасса,
жерде емес
жатқандай
үстiнде
жүректiң.
(Қандай бiр күн болсын,
қандай бiр түн болсын:
бұлтты шерлi көк нөсермен
жатса да сойғылап Жердi кеп,
қатерлi бұрылыс,
қауiптi көпiрдiң аузында
шығамын алдыңнан,
ессiз жылдамдық,
көрсеткiш бағана, белгi боп.)
Жатады түнгi жол
тағы да алысқа сүйре деп,
толтырып денесiн үндерге,
қадалып қап-қара инедей
сүңгидi қап-қара түндерге.
Трасса үстiнде
от бiткен
ағады бағыттан өзгермей,
оңға да, солға да —
түсетiн қағазға
сөздердей
жүректен сорғалап!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Түнгi трасса өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Түнгi трасса өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Түнгi трасса өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Түнгi трасса өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері