Адамзат өрісі – Иоганн Вольфганг фон Гёте

Бұл бетте «Адамзат өрісі» атты Иоганн Вольфганг фон Гёте жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 07.09.2021
  • 0
  • 0
  • 591
(1779)

Баяғыда, ерте заманда,
Әулие баба сұстанған
Сабырлы қолмен ғаламға,
Күркіреген бұлттардан,
Нажағайды иіріп,
Ашқарақ жерге сепкенде,
Рия шапан етегі,
Айрылмай әрең қалыпты,
Сәбидей діріл қағыпты,
Кеудесі пәк налыпты.
Өмірімізді тұр қоршап,
Айналамыз тар шеңбер.
Адамзат өзі арқандап
Өмірін қояр, ол рас,—
Шынжырға мәңгі шек болмас.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері