Таң самалы – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Таң самалы» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 13.05.2019
  • 0
  • 0
  • 3037
Алтын нұр аймалап алапты,
Алаулап арайлы таң атты.
Таң самалы тербеп, тебіренер кеудем
Сен дағы мені тербе, сәулем.

Қайырмасы:

Өзіңдей нұрлы, арайлы таңым
Қуаныш етіп, қараймын, жаным
Аспаны ашық,
Көңілім биік,
Гүлімді таптым,
Өзіңді сүйіп.

Орманда ақ қайың көремін,
Ақ қайың сен өзің дер едім.
Аулақта бұлбұл шырқаса әнге,
Толқышы әнмен шалқып сен де!

Қайырмасы:

Жазира кең дала көлбеген,
Бір сен деп лебіңе шөлдеген.
Сылдырлап бұлақ ағады таудан,
Күмістей күлкің естілер қайдан?!

Қайырмасы:


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері