Қайран қазы-билерім – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Қайран қазы-билерім» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 20.06.2022
  • 0
  • 0
  • 869
Бiреулер атқақтап кеп
Оларды
Тоқтатпақ болған.
Сол кезде билерiм
Теңiз ұрттап алғандай
Арнасынан шығып
Тасып кеткен.
Толқындарымен соғып –
Менменсiнген дұшпанды! –
Төбесiнен басып кеткен.
Жел ұрттап алғандай
Құйындай үйiрiлiп
Құтырынып соғып кеткен.
Өрт ұрттап алғандай
Орындарында күл қалдырмай
Жағып кеткен.
Бойларына
Сөздердiң бүкiл
Қару-жарағын таққан.
Бұлт оранып алғандай –
Жарқылдатып! –
Жай оғын атқан.
Жерге тығып,
Жерден суырып алған.
Табаға салып
Шыжғырып қуырып алған.
Қайран қазы-билерiм!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері