Жыр жазамын жүрегімнен – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Жыр жазамын жүрегімнен» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған поэзия туралы өлең берілген.

  • 13.05.2019
  • 0
  • 0
  • 6693
Сенің нұрлы жүзіңнен,
Көрем бақыт өмірді.
Сенің әәрбір сөзіңнен,
Күй естілер,
Күй естілер
Көңілді.

Сол себеппен мен саған,
Ғашықтайын құмартам.
Жүрегімнен, жанымнан
Жыр жазамын,
Жыр жазамын
Сыр айтам.

Күндей шалқып күледі,
Ақ маңдайлы, алма жүз.
Саған, сірә, тең келер,
Жер жаһанда,
Жер жаһанда
Бар ма қыз!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері