Мендегі ғашықтық – Тыныштықбек Әбдікәкімұлы

Бұл бетте «Мендегі ғашықтық» атты Тыныштықбек Әбдікәкімұлы жазған махаббат туралы өлең берілген.

  • 09.11.2016
  • 0
  • 0
  • 7538
Қазағымды, өліп бара жатса да, қарайлайтын қонағына,
Домбыраны, ғарыш музыкасын сыйғызған шанағына,
Атамекенімді - Жер кіндігін,
Аққан судың, соққан желдің еркіндігін,
Жүріп бара жатқандағы жылан биін,
Басына бұта өсірген бұлан миын,
Түнгі салютты, күркіреген зеңбіректен,
Күнді, Жанымыздың жапырағын желбіреткен,
Сол сияқты,
Сайтан және саналы Аспан...
Яғни, барша жаратылыс пен құбылысты,
Құдайдың жұпар Демі араласқан
һәм Құдайды
- жақсы көрем!
Мендегі сондай ғашықтық -
- қиял да ұшып өте алмайтын қашықтық.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері