Періште оймен – Мағиза Құнапияқызы

Бұл бетте «Періште оймен» атты Мағиза Құнапияқызы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 12.09.2021
  • 0
  • 0
  • 648
Басқа бір жаққа беттегем,
Іздесең сонан табылам.
Пенде боп сені жек көрем,
Періште оймен сағынам.

Жеткізбес сағсн өрдеймін,
Үмітті бірақ үзбеймін.
Пенде боп сені көрмеймін,
Періште оймен іздеймін.

Біздегі тірлік –қысқа өзен,
Құмырсқа күйбің тірлігім.
Періште оймен түс көрем,
Түсірсе аспан түңлігін.

Құбылу бізге бұйым ба?
Жайымыз осы-біле бер.
Періште ойға сыйын да,
Пенде боп өмір сүре бер!
Алтайдың тауы кетіп, дала қалды,
Керейден үлкен кетіп, бала қалды.
Тап берсе тапжылмайтын сабаз кетіп,
Тар заман, тар дүние араға алды
Қарағұл залың.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері