Өлең, жыр, ақындар

Серуен емес, сағатым бұл сенделген

  • admin
  • 11.07.2024
  • 0
  • 0
  • 352
Серуен емес, сағатым бұл сенделген.
Қалай ғана айырылдым сендерден?..
Кешегі күн көп едіңдер – бірің жоқ,
Қаза болдың қайсың қандай шеңгелден?..

Үйден шықсам, бәрің бірдей ырғалып,
Бас изесіп, самалсақтап бір қалып,
Күнде соған елтіп жүрген едім мен,
Енді, міне, үнім бітіп тұрғаны.

Өзім сусын, өзім азық әкеліп,
Парызымды өтеп едім әкелік.
Көктем ғана көмектескен бұл іске,
Көк жүзінен күн сәулесін әперіп.

Өңкей жасыл алақандар жетілген
Жұпар шашып, желпуші еді бетімнен.
Айлы түндер сыбырласып сырласып,
Еркін өскен еркем едің шетіңнен.

Айлы түнде өздеріңмен бірге мен
Өлең жолын ойластырып жүрген ем.
Демдеріңнің жұтқан сайын жұпарын
Демеуші едім столыма кұр келем.

Елге барып қайта оралсам, іс мынау.
Екі арада бар болғаны үш күн-ау…
Жүріп жатыр есігімнің көзінде
Жер қопару, ағаш, темір ысқылау.

Бір шұңқырдан кірпіш, панель жанышқан
Мылжа-мылжа бір-біріне жабысқан
Тамырларың әрең тиді қолыма, –
Деген осы «кеудесінен жаны ұшқан».

Басқа жаққа алып кетсе көшіріп,
Басылар ем барлығын да кешіріп.
…Өгіз ғана біле алмаса керек-ті
Табанында жатқандығын не шіріп.

Бұл сөзімнен іздемеңдер жаңылтпаш,
Кещелер бар есептерін жан ұқпас, –
Бүкіл бақтың бір ғасырлық өмірін
Өлтіргендер жайды біліп жарытпас.

Жұтты айттық, соғысты айттық жаман жыл деп.
Әр жылды қарсы алмадық жаман қыл деп.
Қалайша тап болдық біз жаман күнге
Дей жүріп: «Келе жатыр заман гүлдеп».

Жаман күн адам біткен сақтанатын
«Магнит дауыл» дейтұғын сақтар атын.
Ол, сірә, оғына да келешектің
Алдырмас сауысқаннан сақ қанатын.

Ол жынды келешекпен жамандасып
Жүргенде дер ме бізді «замандасым»?..
Бәлкім ол бар пәлесін бізге жабар
Біреудің ауыртса да аман басын.

Ғалымдар, айтындаршы, жыл бүгінде
Қалайша толып кетті «жынды» күнге?..
Төркінін «жынды» күннің тауып бер деп
Талапкер тапсырайын жырды кімге?..



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қиын өткен қызығым-ай!

  • 0
  • 0

Досқа — дос, қас бipeyгe «бұзығын-ай!.
Дeгiзiп қиын өткен қызығым-ай!..
Байқасам, бipi қашып, бipi қуған
Өмірдің жазы — түлкі, күзі — құмай.

Толық

Ардағым – атамекенім

  • 0
  • 0

Көп тірлікті көгертіп,
Тас, темірді қыздырған,
Көнерген ойды шегертіп,
Жаңаның бойын оздырған.

Толық

Зеравшан бойында

  • 0
  • 0

Көк жазықтар мен Hұp тауында
Қай жылы cipә жер аш қалған?..
Мөлдір бұлақ қайдан?
Диқанмен әсте сырлас болған

Толық

Қарап көріңіз