Жан-жағым үнсіз, тым-тырыс – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Жан-жағым үнсіз, тым-тырыс» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.11.2021
  • 0
  • 0
  • 803
Жан-жағым үнсіз, тым-тырыс,
Жалықтым қайда, той-думан.
Іздейді көңіл сілкініс.
Үнсіздік әбден тойдырған.
Билейтін желмен шуылдап,
Ақ қайың үнсіз қалғып тұр.
Бір ойдан бір ой туындап,
Қайтады қиял қаңғып бір.
Аралап боз ай бұлт ішін,
Болды ма екен ұятты.
Бұлақ қыз күзге күлкісін,
Тонатып алған сияқты...
Қанатын жапырақ қағады,
Сабағы жасқа тұншығып.
Ойларым ояу ағады,
Ағады баяу тіршілік.
Күзгі аспан тартып жабырқау,
Қабағын күннің аңдиды.
Жамбастап жатқан қоңыр тау,
Қоңыр күй кешіп қалғиды...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жан-жағым үнсіз, тым-тырыс өлеңінің авторы кім?

Қанипа Бұғыбаева — осы өлеңнің авторы.

Жан-жағым үнсіз, тым-тырыс өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жан-жағым үнсіз, тым-тырыс өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қанипа Бұғыбаева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жан-жағым үнсіз, тым-тырыс өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері