Менің халқым – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Менің халқым» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 08.08.2021
  • 0
  • 0
  • 601
Ежелден әлемге әйгі қазақ жәйі
Сыятын жарты Еуропа жерге байы.
Қызығып, Батыс, Шығыс көз алартып,
Болмапты тебінгісі кепкен айы.
Тағдырын қарғамаған көріп көктен,
Найзасын жүрегіне серік еткен
Дәстүрін ел қорғаған батырлары
Мирас қып ұрпағына сеніп кеткен.
Бермейтін ел намысын тағы қолдан
Далалық өзіне тән заңы болған
Жамынан арын биік ұстайтұғын
Мызғымас парасат, салт, сәні болған.
Ұйытқысы — ел сыйлайтын ханы болған,
Сыйлаудың дара сипат мәні болған.
Хан, қара ақылына сүйенетін
Қария, ел тұтқасы нары болған.
Ұрпағын мәңгүрт қылып өсірмеген,
Еркекке ездікті әсте кешірмеген.
Сезілсе ел шетінде жау жасағы
Байыздап үйінде бел шешінбеген.
Еркектің ерге лайық ісі болған,
Тістеген жерде қалар тісі болған.
Сөйлеуі ердің екі өліммен тең,
Үлкені үлкен, кішісі кіші болған.
Жамағат, міне осындай менің халқым,
Халықтық пайымдаңыз істер нарқын.
Қабанбай, Бөгенбайлар өрістетіп,
Қанына ел қазақтың сіңген салтын.
Сондықтан жерің мынау ұлан-ғайыр,
Бауырлар, сөз мәнісін ұғын, айыр.
Барсыңдар жүректілер, білектілер
Жетерлік кеңес құрсаң, бүгін шайыр.
Өзара жетпейтінің ауызбірлік,
Шіркін тек Ойлап соны етсең тірлік
Уәлі ауыздарды ұран етсең,
Дастанға кейінгілер өрер жыр ғып.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Менің халқым өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Менің халқым өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Менің халқым өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Менің халқым өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері

Басқа да жазбалар