Өлең, жыр, ақындар

Тарбағатай, Көкпекті, Зайсаным-ай!

  • admin
  • 11.07.2024
  • 1
  • 0
  • 305
Тарбағатай, Көкпекті, Зайсаным-ай! –
Талай жауды қайтарған жайсаңым-ай!
Селт етпес ең шықса да жерден Мәді,
Аспаныңнан қалса да Айса құлай!
Қоныс берген мың заман қозғалмастай
Шарам қанша сертінен тайса құдай?

Шарам қанша сертінен тайса құдай?!
Адам қолы шақырып зілзаланы,
Жапқан жоқ па құдайға жыл жаланы?..
Қалай жиі табынған дей алармын
Дүлей күшке дүниенің бұл ғаламы?! –
Бар пәлені өз басым сенен керем,
Жарылыстың айтулы «Үлгі алаңы»!..

Жер бетінен мекен-жай сүртілгендей,
Нәлет қамыт мойынға жұрт ілгендей.
Қай заманның қақы бар, бейкүнәның
Берекесін бетінен бір тілгендей?..
Бола қалды жүрегім – жетім қозы
Жат желіннен дәметіп түртінгендей.

Шүкірана, істеді ел елдігін, –
Ел қуаты ежелгі ерендігін.
Көз жасынан ар-намыс атқа қонды,
Сол дүбірдің соңынан ерем бүгін.
Бірақ, менің көңілімді білгің келсе,
Жасын түскен жаралы еменді ұғын…



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Үлкен үйге

  • 0
  • 0

Ыстық тартып күнде кipген
Өз үйімдей көзімде
Бip бейне тұр жастай көрген —
Әлде сенің өзің бе?

Толық

Құрдасыма

  • 0
  • 0

Қартайдық деп қамықпашы, құрдасым!
Қарттық деген қаңбақ емес, қорғасын.
Аламанға ат қосарда дүйім жұрт,
Өзің билеп отырасың қыр басын.

Толық

Өз тілім мен өлеңім

  • 0
  • 0

Жұрттан бөлек жұмсақ қол құндақтаған
Тал бесікте тербеліп кім жатпаған?
Еш біреуге емшексіз сол бесікте
Таң атпаған, күн шығып, күн батпаған.

Толық

Қарап көріңіз