Қыр гүлі едім – Мағиза Құнапияқызы

Бұл бетте «Қыр гүлі едім» атты Мағиза Құнапияқызы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 12.09.2021
  • 0
  • 0
  • 775
Қыр гүлі едім жас тұлпар,
Басып кеткен тұяқпен.
Қалжырадым серпілтер,
Кем болып тұр күй әттең!

Кінә артпағын тұлпарға,
Білегімді сындырған.
Тұла бойым шарпылды,
Қызыл өртпен-ұятпен.

Салды есіме жыл құсы,
Құс екенін көңілдің.
Ең алғашқы суықта,
Үсіп өлген сияқты ем!

Қармен жудым тәнімді,
Лас өмірге жаным қас.
Жылы үніңді сағынды,
Құс көңілді қарындас.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері