Сұрғылт дүние – Мағиза Құнапияқызы

Бұл бетте «Сұрғылт дүние» атты Мағиза Құнапияқызы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 12.09.2021
  • 0
  • 0
  • 608
Аспан сұрғылт, көтерілген шаң шығар,
Қасым киген шинел ме әлде жайылған?
Онсыз дағы пәс көңілім жаншылар,
Жараланған солдаттан жоқ айырмам.

Ар жағында мен қағатын есіктің,
Отырған жан көрген бойда сұрланар.
Көктем шыға келмеген соң әрине,
Елеңдетпес соңғы жеткен тырналар.

Қонады деп таланттыға бақыт кіл,
Бақыт жайлы ерте берген бағамыз.
Хан базарда сұрғылт көйлек сатып тұр,
Көп оқыған елге сыйлы ағамыз.

Көшіп келген ағайынға жер бөлмей,
Әкімдері сұрғылт қана күледі.
Сұрғылт екен күлкі еткісі келгендей,
Мен жалдаған үйдің дағы реңі.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері