Қазақтың қызы – Мағиза Құнапияқызы

Бұл бетте «Қазақтың қызы» атты Мағиза Құнапияқызы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 12.09.2021
  • 0
  • 0
  • 701
Көзінше жұрттың қарамас телміріп жарға,
Сағынған шақта ес көрер жасанды елесін.
Сүйемін деген сөзін де айтады іштей,
Сағындым деген сөзі сол: - қашан келесің?

Адалмын деген сөзі сол- бір тыным алмай,
Жүреді үйдің ісімен әбігер болып.
Жарынан күман ойласа қайғырып іштей,
Әдемі жүзі аз күнде кетеді солып.

Ренжіп қалса онысын ешкімге айтпай,
Бір күнде үйін сан рет сыпыра берер.
Кешіксе жары уағында үйіне қайтпай,
Қысылған жаны мұрнының ұшына келер.

Баласын баптап, шошынса жүрегін аптап.
Дайын тұр десең елемес азаптың жүзі.
Арға дақ салу ойына кіріп те шықпас,
Есіл аналар – кешегі қазақтың қызы!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері