Білмей-ақ қойсын бұл әулет – Михаил Лермонтов

Бұл бетте «Білмей-ақ қойсын бұл әулет» атты Михаил Лермонтов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 19.05.2022
  • 0
  • 0
  • 1014
Білмей-ақ қойсын бұл әулет
Құпия менің сырымды;
Ұжданым, тәңірім білер тек
Сорлаған, сүйген күнімді!..
Соларға жүрек сыр ашса,
Аянып күтер, шағынар,
Азапқа баста кім салса,
Сол ғана мені жазғырар.
Не демес надан көрсоқыр,
Биікпін одан бұға алмас.
Теңізде шулар көп толқын,
Жартасты бірақ жыға алмас.
Кеудесі бұлтта түр өрлеп,
Қос дүлей оның мекені.
Бар сырын оның білер тек
Нажағай, дауыл екеуі.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері