Бұл бетте «Мөп-мөлдір жанарың жанады» атты Михаил Лермонтов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Мөп-мөлдір жанарың жанады
Аспандай көгілдір
Сүйістей баурап бір барады
Әніңді төгілдір.
Бір рет қарасаң, аңсарым,
Тіл қатсаң алқынып,
Сол үшін грузин қанжарын
Сыйлар ем тарту ғып.
Кейде оның жүзінде нұр тұнып
Үн шашар дір еткен.
Сол мезет тұла бой бұлқынып
Қан қайнар жүректе.
Елемей бүлікшіл күнімді
Таңданып, келіп ем.
Естіп жұп-жұмсақ үніңді
Жүзіңді көріп ем.
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі