Сыңғырлаған ерке үніңді – Михаил Лермонтов

Бұл бетте «Сыңғырлаған ерке үніңді» атты Михаил Лермонтов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 19.05.2022
  • 0
  • 0
  • 1072
Сыңғырлаған ерке үніңді
Естісем бір болғаны,
Тыпыршиды бұл жүрегім
Сорлы құстай тордағы.
Көрсем болды жанарыңды
Тұрған сенің мөлдіреп,
Жаным менің ынтығады
Сен дегенде елжіреп.
Со бір шақта қуаныштан
Күліп, жылап басылам,
Мойыныңа, сәулем, сенің,
Асылуға асығам.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері