Кешіккен көктем – Мерей Қартов

Бұл бетте «Кешіккен көктем» атты Мерей Қартов жазған табиғат туралы өлең берілген.

  • 11.09.2021
  • 0
  • 0
  • 764
Қардың әлі сөгілген жоқ көбесі,
Көрінбейді жыл құстары о,несі?!
Көңілді де, көшені де кезіп жүр,
Көк көйлекті Көктем-Қыздың елесі!

Тереземді аяз-демі қыраулап,
Қыр басына қырбақ қонды қылаулап.
Қара кеште, қара өлең жолдадым,
Қарындастың қабағынан мұң аулап.

Көктем жайлы ойлатпайды үскірік,
Қара суық қабырғадан ысқырып.
"Көктем келді, Көктем келді"-дегендей,
Үй гүлдері, қояды әлсін түшкіріп!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері