Құмай – Мерей Қартов

Бұл бетте «Құмай» атты Мерей Қартов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 11.09.2021
  • 0
  • 0
  • 798
(Алтынбас тазыма арнау)

Шақшабас, шашаққұлақ, дөңес маңдай,
Қабысқы қарыны – жылқы таң асқандай.
Қыранкөз ұмтылғанда аңды көріп,
Алтынбас-адырнадан жебе ұшқандай!

Қос шынтақ – қос қанатқа нұсқа дайын.
Азулы, үшкіл тұмсық, қысқа мойын.
Тіксирақ,
Сарсіңірлі!
Серіппелі!
Жеткізбес ұша кетсе құсқа дәйім!

Шымырсан!
Оюқұйрық!
Қалқанкеуде!
Жотасы жалт етеді желден белге!
Айтырнақ!
Аютабан,
Қылшығы – алтын!
Шалдықпас күншілікке кем дегенде!

Аз-маздау айтқан болдым тазыға сын.
Алтынбас,
Сен ұмайлық қазынамсың.
Қиқулап аңға қоссам жаһан шығып,
Мұң-шерден кеудем толы жазыламшын!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері