Керегі жоқ – Танакөз Толқынқызы

Бұл бетте «Керегі жоқ» атты Танакөз Толқынқызы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 06.10.2020
  • 0
  • 0
  • 2170
Керегі жоқ жарықтың да, шамның да,
Сен отырсың сол әдептен оза алмай...
Өлең оқып отырмын мен алдыңда,
Жанымды оқып отырсың сен көз алмай.
Мың жүректі өртегенмен күйдіріп,
Бір жүрекке жетпей қалған дауыспын...
Кофе ішіп отырмын мен құйдырып,
Ал сен мені көзбен ішіп таустың.
Анау кальян, ал мен азап шекеннен,
Мына ғалам өзгермейді... сіз келіп.
Көше көйлек киіп алды көктемнен
Жақсы еді ғой шешіндірсе күз келіп...
Тағы да сол. Сол жағалау кафесі.
...Шығарып сал, күртешемді кигізіп.
Менікі емес, бұл көктемнің қатесі
Абайсызда алған беттен сүйгізіп...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері