Айналғам мен елеске сенiң үшiн
- 0
- 0
Айналғам мен елеске сенiң үшiн,
Демейсiң: «Тiрiмiсiң, өлiмiсiң?»
Титтей де селт еткiзбес сезiмiңдi
Жеңiсiм, тiрлiктегi жеңiлiсiм.
Бұл бетте «Табиғат туралы сыр» атты Жаксыбаева Ботагоз Жаксыбаевна жазған табиғат туралы өлең берілген.
Айналғам мен елеске сенiң үшiн,
Демейсiң: «Тiрiмiсiң, өлiмiсiң?»
Титтей де селт еткiзбес сезiмiңдi
Жеңiсiм, тiрлiктегi жеңiлiсiм.
Мен сенi жақсы көрем баяғыдай,
Жанымды жақсы көрген ая, құдай.
Жалп етiп өшер шамдал, жел үрлесе,
Жалт етiп өтер жалған жай оғындай.
Əн айтсам теңселесiң, тербелесiң,
Теңiздiң мiнгендейiн жел-кемесiн.
Осынау үнсiз, мұңсыз қалпыңменен
Жаныма ем бересiң, дем бересiң.
Кешегi кербез мəз емес жiгiттiң жайы –
Тақырдай қаңсып таусылды жiлiктiң майы.
Төзiмдi жалап-жүқтаған төсекке ене
Өзеуреп өшiп қалады қос өкпе неге...
Маңдайлы қыз,
Ұсынған балдай қымыз,
Бал қымызбен жiбiттiк таңдайды бiз.
Сiздiң жақта жауқазын бал-бұл жанып,
Телефонның ар жағынан үн қатшы,
Тереңiне телегейдiң шым батшы.
Түнегiңнiң күрсiнгенiн күшейтiп,
Жүрегiңнiң дүрсiл-демiн тыңдатшы.
Модератор
Авторы өзім - дегенді де басу керек.
Қаламды басып жөндеуге болады.