Үш жара бар жүрегімде – Серік Тұрғынбеков

Бұл бетте «Үш жара бар жүрегімде» атты Серік Тұрғынбеков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 17.09.2021
  • 0
  • 0
  • 687
Қан жоқ,
Сөл жоқ сұп-сұрғылт реңімде,
Қалай төзіп барамын тірі өлімге?!
Емі-домы әзірге табылмай тұр,
Үш жарам бар –
Ұшынған жүрегімде!
Бірі – Арал –
Азаптан арылмаған.
Бірі – Семей –
Өкпесі қабындаған.
Үшіншісі – Зайсанның зілзаласы,
Көмек сұрап басқаға жалынбаған.
Айта берсем,
Тағы да табылады.
Ақырзаман –
Ай мен Күн шағылады!
...Өткен күнге өкпелеп жүрген халық
Өткен күнін бір кезде сағынады!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері