Жетімнің мұңы
Жетімнің мұңы
Шалқып өмір сүріп едім еркелеп.
Сол үшін ба қиындық көрдім ертерек.
Анам-əкем ажал құшты апаттан,
Жетім қалдым деген сөз ғой бұл демек.
Жетім сырын баяндайын білсеңіз.
Жеткізу де мұны қиын сенсеңіз.
Əке-шешең бағалай біл барында,
Кейінірек өкініп қалып жүрмеңіз.
Өтті өмірім құлдық өмір тәрізді.
Жүректен қан, көзден жасты ағызды.
Қалай өтеп берем енді адамдар,
Анам əкем алдындағы парызды.
Сонда біздің кім қарайды көңілге.
Бəрі келіп басынғанда өмірде.
Қойып көрсін өзін біздің орынға,
Келгеніміз жоқ жылау үшін өмірге.
Білмедім ана, білмедім əке.
Кетер деп сені қасқағым сәтте.
Сіздерсіз менің сағым да сынды,
Не істейін ана, не істейін əке.
Жаралы жүрек емін бір таппай.
Тыншымас жүрек мұңын бір шақпай.
Сыртым ол бүтін, ал ішім қайғы,
Жүру де қиын зарыңды айтпай.
Қалағанына жетпес жетімнің қолы.
Ұшқандай қолдан бақыттың құсы,
Ата-анадан айырылып жастай,
Басталды осылай жетімнің жолы.
Жетім деп айтса біреу түңілемін.
Өмірге келгеніме өкінемін.
Қасымда демеп жүрер ешкімім жоқ,
Жалғыздықпен мен қалай күресемін.
Ата-ананы көргенде баласымен.
Ойлаймын болса бəрі түсім екен,
Өмірге келгеніме жазықтымем,
Қай тұста айтыңдаршы адасып ем.
Осылайша күндерім өтіп жатыр.
Жетімнің мұңын кімдер ұғып жатыр.
Жайынан жетімдердің хабардар кім,
Болса егер демемей ол неғып жатыр.
Ана-əке сағындым қатты-қатты.
Сен істеген тамақтың бəрі тәтті.
Қалағанымды сен істеп беруші едің,
Бұл күндері сағым ғой соның бəрі.
Жетіммін деп мұңымды шықсам келіп.
Кей адамдар итереді жеңін түріп.
Осылардың бəрінен жалықтым мен,
Жүрген соң айналамның бəрі күліп.
Орындарыңның жоқтығы байқалады.
Жүрегім жиі толқып ауырады.
Баласын өзгелер бастан сипағанда,
Бұл дүниеден балаңыз жалығады.
Кеш батып түн ортасы ауған шақта.
Отырамын қарап мен тек аспанға.
Ана-əке сіздерді күтуменен,
Қараймын қайта-қайта жан-жағыма.
Ана-əке сеземісің, сеземісің.
Сендерді жақсы көрем білемісің.
Қара жердің жатқанмен қойнауында,
Тілеуімді сен əркез тілермісің.
Жүрем дəйім мен сіздерді сағынып.
Көңілім де көтерілмейді жабығып.
Жетімдерде назардан тыс қалмасын,
Жүрмесе екен, жүрмесінші тарығып.
Бұл дүние қайтып келмейді білем.
Өмірге пенде қонақ ғой екен.
Ата-анасыз өткен бұл өмір,
Азап ғой екен, азап ғой екен.
Жетімдер бірақ мұңаймас мәңгі.
Болашақ жанар бағыда əлі.
Бақытын іздеп тапқан бір сәтте,
Жадырап қалар мұң толы жаны.
Жетімді ей адамдар жылатпайық.
Демеңіз бара жатса құлап тайып.
Ойда жоқта егерде шалыс басса,
Намысына тигізіп сөз айтпайық.
Бергесін Алла маған талант лайық.
Жетім сырын баяндадым болмас айып.
Бұл өлең сабақ болып барлығына,
Бүгіннен бастап жұрттым ойланайық.
Осылай мен аяқтадым жырымды.
Жетім сенің баяндадым мұңыңды.
Мен сендерге бақыт тілеп əрдайым,
Дұға-тілеп жайып жатам қолымды.
Ермаханов А.О.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі