Анама
Ана бүгін ұлың өсіп ер жетті.
Енді анашым түсірме тек еңсеңді.
Жүрегімнен жырымды арнап өзіңе,
Мақтан етем жырға қосып мен-сені.
Алтынбек Ермаханов жариялаған өлеңдер осы бетте берілген.
Жырыма құлақ түр.
Жүрегім жырлап тұр.
Көре алмас көп елдер,
Біздерді сынап жүр.
Өзіңді өзгеге мен қия алмаймын.
Өзгені өзіңдей мен сүйе алмаймын.
Бір минутта жүрегім қанша соқса,
Бір күнде соншама рет сені ойлаймын.
Бір досым бар жетелейді мұратқа.
Менімен бірге жүреді ылғи сынақта.
Қанша жерден қалтасы тар болсада,
Бұл досымның жүрегі кең бірақта.
Кішкентайдан еркелетіп өсіріп ең.
Ана сіздің әрдайым құшағың кең.
Мен сүрініп байқаусызда құлағанда,
Жүгіріп кеп қасымда сен тұрушы ең.
Шалқып өмір сүріп едім еркелеп.
Сол үшін ба қиындық көрдім ертерек.
Анам-əкем ажал құшты апаттан,
Жетім қалдым деген сөз ғой бұл демек.
Жүрегім ауырмашы сыздамашы.
Өзгелерді құр әуреге салдырмашы.
Кенеттен сен егер де тоқтап қалсаң,
Сүйгенімнің тағдыры не болмақшы.
- Азамат Төре (авторлық өңдеу)
- Шәкәрім Құдайбердіұлы
- Азамат Төре
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі