Бұл не мөлт-мөлт еткен көзде? – Танакөз Толқынқызы

Бұл бетте «Бұл не мөлт-мөлт еткен көзде?» атты Танакөз Толқынқызы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 06.10.2020
  • 0
  • 0
  • 1350
Бәлкім, мен де кешігемін,
Сен бірақ та кешіре біл...
Ойып алып әз көктемді
Тағып кеткен төсіме кім?
Мен де Күндей жандырғанмын.
Мен де желдей қаңғырғанмын.
Бозторғайын шырылдатып,
Жүрегімде қалдырған кім?
Сыздатқан не? Бүріп алған
Бұл не?.. Мұң ба тұрып алған?
Беймезгіл шақ кім болды екен,
Көкірегіме кіріп алған?
Мендей азап шеккен бе екен?
Ол да шөлдеп кеткен бе екен?
Бұл не мөлт-мөлт еткен көзде?
Сіз бе?
...Әлде көктем бе екен?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері