Бұрымыңа қызыл-жасыл гүл өрген – Мерей Қартов

Бұл бетте «Бұрымыңа қызыл-жасыл гүл өрген» атты Мерей Қартов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 11.09.2021
  • 0
  • 0
  • 525
Бұрымыңа қызыл-жасыл гүл өрген,
Бұрын қалай байқамағам сен қызды?!
Көңілімнен бұлттар көшіп!..
Мың ермен
Жұпарының әлеміне енгізді!

Екеуміз де көк құстарға ілесіп,
Көкті кездік, көктем іздеп тұрақтар.
Жерге қонсақ, демімізден гүл өсіп,
Көбелектер жаратылған шуақтан!

Қандай ғажап!..
Көктем келді!
Сен барсың!
Ертіс шіркін, тулап жатыр сең бұзып.
Күн көзіндей - мейірімді дегдарсың!..
Өмір енді басталғандай ең қызық!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері