Бұла қыз – Мерей Қартов

Бұл бетте «Бұла қыз» атты Мерей Қартов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 11.09.2021
  • 0
  • 0
  • 680
Қайран тағдыр!..
Қазбауыр
Бұлттар көшті кіл абыз.
Жанарымда - жазғы ауыл.
Жан-дүниемде - бұла қыз!..

Қошы да ерен түсімнің!
Көңілімде гүл бүрлеп!..
Сүйгеніме ұшырдым
Сөз құстарын бір-бірлеп.

Жұлдыздарды самсаған,
Ой-санама түнеттім.
Айлы мұңды аңсаған
Адасқақтау жүрекпін.

Арманшылмын.
Ал, енді...
Жаңбыр әні жадымда.
Аспан сүйіп төбемді,
Дәт те жудым сағымға.

Мен солайша аңғардым,
Келе жатыр күнә-күз.
Ғашық болып нем бар-ды,
Жындандырды-ау бұла қыз!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері