Өлең, жыр, ақындар

Ауылым –алтын бесігім

  • Raika
  • 09.11.2016
  • 0
  • 2
  • 13979
Тарихыма көз жіберсем тұңғиық
Үштөбемнің мәртебесі тым биік
Ата-баба ерлігі мен жырлары
Ұрпағына үлгі болар нұр құйып

Туған жерім – Өкпетінің бөктері
Мен де өстім,аңыз естіп, ертегі
Ауылымның тарих толы қойнауы
Әрбір жері-шежіре сыр шертеді

Естіп өстім,құпиясын сырларын
Ауылымды тебірене жырладым
Неткен көркем! Неткен сенің құпияң
Білдім мен де, әр тасыңда мұң барын

Жазылмаған заңы бар бір бірліктің
Қайнап жатқан қазанындай тірліктің
Үлгі болар ұрпағына еңбекпен
Үштөбем ғой- қамалындай шындықтың

Ұрпағымын, құрметтейтін байлығын
Құстар сайрап, естіртсінші жайлы үнін
Табиғаттың бұл теңдігі бұзылмай
Болмасыншы жер бетінде қайғы-мұң

Қазыналы қарттарым бар – томдардай
Болашаққа барар сара жолдардай
Ағаларым-ақылшылар ардақты
Тірек болып, алынбайтын қорғандай

«Тек» деп ғана тежейтұғын тентегін
Әжелерім-тәрбиенің желкені
Үштөбемде салт-дәстүрім сақталған
Сондықтан да жарқын менің ертеңім

Солай-солай, қай жақсысын айтайын
Болашақты бала көзбен байқайын
Ақындарын айтар болсам саналап
Жақсылардың жақсылығын айтайын

Рүстем, Ринат, Мерей, Қайнар ағалар
Жанжігіт пен Манасты ел бағалар
Жырдың туы желбіреген ауылдан
Мен балаңмын бұлағынан нәр алар!

Қасиетті топырағыңа бас ием!
Мен үшін сен, құдіретті асыл ең!
Отанымның бір бөлшегі-ауылым
Таусылмасын мен жырлайтын несібең!

Искакова Райгүл
Шығыс Қазақстан облысы
Тарбағатай ауданы
Үштөбе ауылы



Пікірлер (2)

Сандугаш

Керемет

Епппрпвкрв

Керемет болды деп айтад деп ойладынба? ????????

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз