Уа, жеңгелер, жеңгелдер – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Уа, жеңгелер, жеңгелдер» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 13.05.2019
  • 0
  • 1
  • 6382
Мінезім бар кей уақыт құдай атқан,
Борндатқан, бұрқаған, дауылдатқан.
Сол мінезім жақпай ма құрбыларға,
Кездерім көп қыздардан тауым қайтқан.

Қайырмасы:

Уа, жеңгелер, жеңгелер,
Мінез деген өзгерер.
Маған лайық бір сұлу,
Қайдан кез келер?

Көріп жүрмін мінезден көрерімді,
Қыздар менің білмейді-ау өнерімді.
Қыздар менің білмейді-ау ерегіссем
Төрт бөлмелі үй салып берерімді.

Қайырмасы:

Шыдасам да махаббат азабына,
Мен көнбеймін қыздардың мазағына.
Тыңдап жүріп үйленем бір сұлуға,
Мінезі сай ақыл мен ажарына.

Қайырмасы:


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (1)

Назира

Рахмет

Осы автордың басқа өлеңдері