Петергоф – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Петергоф» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 2063
Петергоф.
Фонтандар —
Биікке құстай шарқ ұрған.
Петергоф.
Фонтандар — Кемпірқосақ тартылған.
Фонтан —
Атқан отты сел
Көктемгі аспан бұлтындай.
Фонтан жауған көк нөсер
Күндіз-түні бір тынбай.
Фонтан — моншақ сауылдап,
Гранитке жабысқан.
Фонтан — жерден жалындап,
Ракетадай жаңа ұшқан.
Сол фонтандар ішінде
Самсон батыр тұр бөлек.
Оның қайрат күшіне
Жасай алар кім бөгет?!
Арыстаннан шошымай
Жатыр жұмсап білекті.
Петр бір кез осылай
Жұмарлаған шведті.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері