Қалай шығам – Мағиза Құнапияқызы

Бұл бетте «Қалай шығам» атты Мағиза Құнапияқызы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 12.09.2021
  • 0
  • 0
  • 795
Қалай шығам ойлардың шеңгелінен,
Қалай шығам тұрмыстың шеңберінен.
Берген уәдем өзіме босқа кетті,
Қалмай қойдың ұмытқым келгенімен.

Тұрмын тағы зәру боп күміс үнге,
Аңсаттырып күлісің, жүрісің де.
Көріп тұрып түсімде тіл қата алмай,
Өксіп жатып ояндым түн ішінде.

Ояу жатты көңілім жамылып түн,
Меннен өзге күтті екен сарылып кім?
Ай нұрының астында хат жолдадым,
Жүрегімнің жабыққан халын ұққын.

Жазған хатты жастанып таң атырдым,
Таппай сені өңімнен алас ұрдым.
Милиарттық сандарды тізіп шықтым,
Зәру болып үніне жанашырдың.

Көтермедің қанша рет шырылдады,
Қалай ғана назарың бұрылмады.
Жапырағы сезімнің желге тійіп,
Қара жерге шақ қалды ұрылғалы.

Неге сонша үмітті үзбегемін,
Қалжырадым білдірді күз дерегін.
Саған деген кінасыз ғашықтығым,
Жоғалтып ап өзіңді іздегенім.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері