Мұңдарға бейім жүрегім – Мағиза Құнапияқызы

Бұл бетте «Мұңдарға бейім жүрегім» атты Мағиза Құнапияқызы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 12.09.2021
  • 0
  • 0
  • 665
Өзгені ойға алмайсың,
Бәрін де көзге ілмейсің.
Мұңдарға бейім жүрегім,
Күлуді неге білмейсің?

Тағдырдың бұзған қамалын,
Әлемде қанша ьар мықты?
Жоғалта алу мүмкін бе,
Сендегі такаппарлықты?

Сендегі арман қыйырда,
Шаршатып мені мықтайды.
Мен сені жүрем ұға алмай,
Басқалар мені ұқпайды.

Жырым да жатты мұнартып,
Мұздайды жүрек қан қызбай.
Жүрсең де келдің жүк артып,
Тағдырға ноқта салғызбай!

Өзгені ойға алмайсың,
Бәрін де көзге ілмейсің.
Мұңдарға бейім жүрегім,
Күлуді неге білмейсің?!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері