Қазақ үйдің тұрмысы

Бұл бетте «Қазақ үйдің тұрмысы» атты Ілияс Жансүгіров жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Ақ үйге алты қанат келсем кіріп,
Босаға, маңдайша мен табалдырық,
Кереге алты жапсар, алпыс уық,
Шаңырақ, күлдіреуіш оған жуық.
Құр, таңғыш, басқұр, арқан екі аяқ бау,
Төрт ірге, есік жабық, ши, туырлық,
Он бес бау, ішкі - сыртқы белдеу, желбау,
Түс киіз, көрпе, шай шымылдық,
Текемет, жастық, шапан, кілем, сырмақ,
Алаша, бешпент, көйлек, шәлі, берік,
Самаурын, үстел, кесе, шәйнек, шәугім,
Кәдеге, сандық, кебеже, ақ түндік,
Патнос, шелек, мосы, адалбақан,
Ұстара, қайрақ, тарақ, бақан, сырық,
Шылапшын, аяқ, қасық, қазан, ошақ,
Жүкаяқ, шкаф, пышақ, айна, орындық.
Тәрелке, ожау, шөміш, саба, торсық,
Ұршық, біз, балға, көсеу, қап, ине, жіп,
Сым, шалбар, жейде, дамбал, кебіс, байпақ,
Дастарқан, тақия, ішік, белбеу, белдік,
Ер - тоқым, жүген, тартпа, айыл, қамшы,
Құйысқан, үзеңгі, ішпек, өмілдірік,
Аяққап, тұз баспағы, сабын, сақар,
Ірімшік, жәшік, қоспа, май, қымыз, құрт,
Айран, ұйтқы, ашытқы, көже, саумал,
Ұн, тары, бидай, сұлы, сұр мен шұжық,
Жүн - жұбыр, қыбыр мен тері-терсек,
Келі, келсап, пышақ,аша, күрек,
Ат, қалта ноқта, бұйда, үскі, кілт,
Сыпыртқы, сүлгі орамал, қырғы көнек,
Жайнамаз, қалам, қағаз, дорба, сауыт,
Домбыра, тұтқыш, гармонь, шаппашот, тұлып
Машина, кергіш, қайшы, ілгек, шамдал,
Кепсер, қақпақ, саптыаяқ, тәспі, құлып,
Асыл тас, ақық, меруерт, маржан, үкі,
Бастырма, ілгек, жүзік, сақина, шоқ,
Кимешек, шүберек, сағат, құран кітап,
Темекі, қант, қағаз шай, насыбай шелек,
Асық, шақша, шалғы, орақ, бұрғы, қашау,
Желі арқан, көген, тоқпақ, жылқы құрық.
Басқа түрлі жабдығын санай алмай,
Сыртқы үзігін көрмекке кеттім шығып.


Пікірлер (1)

Сара

Өте күшті өлең екен!!

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қазақ үйдің тұрмысы өлеңінің авторы кім?

Ілияс Жансүгіров — осы өлеңнің авторы.

Қазақ үйдің тұрмысы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қазақ үйдің тұрмысы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ілияс Жансүгіров өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қазақ үйдің тұрмысы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері